Теміртау қаласының орталық кітапханасында Ziatkerlik Modernizasia жобасы аясында Оралхан Бөкейдің Атау-кере шығармасын талқылау алаңы өтті. Әдеби шараға педагогтер, оқушылар мен кітапсүйер қауым қатысып, туындының көркемдік ерекшеліктері мен терең философиясын талдады.
🔹 Мақсатымыз – оқу сауаттылығын арттыру, қазақ тілінің қолданысын кеңейту және кітап оқуға қызығушылықты ояту!
📖 Қазақ әдебиетін бірге зерттейік, ой бөлісейік!
Орталық кітапхананың «Oqyrman» кітапқұмарлар клубының кезекті отырысына Қарағанды қаласы білім бөлімі әдістемелік кабинет меңгерушісі Толеубике Рымкановна Байжигитова, Қарағанды қаласы Абай атындағы мектеп-гимназиясының директоры Баймолдина Жадыра Сабырқызының бастауымен «Ziatkerlik Modernizasia» жобасы аясында қазақ әдебиетінің классигі Оралхан Бөкейдің «Атау-кере» шығармасына талқылау алаңы ұйымдастырылды.
Оралхан Бөкей – қазақ прозасының дара тұлғаларының бірі, оның шығармалары табиғат пен адам жанының терең байланысын суреттеуімен ерекше. Атау-кере романы – жазушының өмір, тағдыр, моральдық құндылықтар жөніндегі ой-толғамдарының көрінісі. Оқырмандар кейіпкерлердің ішкі әлеміне үңіліп, олардың тағдырын қазіргі заманмен байланыстыра отырып талдады.
Осындай әдеби шаралар қазақ тілінің мәртебесін нығайтып, ұлттық құндылықтарымызды дәріптеуге ықпал етеді. Алдағы уақытта да оқырмандар қауымын біріктіретін маңызды кездесулер мен талқылаулар ұйымдастыру жоспарлануда.
https://www.instagram.com/madeniet_til_sport_temirtau
https://www.instagram.com/goroo_krg
https://www.instagram.com/abai.104_krg
Іс-шарамызға сән келтірген https://www.instagram.com/karakat_studiya_temirtau жас өнерпаздарына Алғыс білдіреміз!🌹