“Теміртау қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесі” КММ қаламыздың ақыны, суретшісі И.А.Елевтериадидің 70-жылдығына арналған шығармашылық кеші өтті.
Иван Антонович Елевтериадиді қала әкімінің орынбасары С.С.Зияшев және қалалық маслихаттың төрағасы А.Б.Ломакин құрметпен құттықтады.
Сонымен қатар Теміртау қаласының ардагерлер кеңесінің мүшелері, Қазақстан Республикасының жазушылар Одағының мүшесі Руза Жақыпқызы құттықтап жылы лебізін білдірді.
Иван Антонович Елевтериади 1959 жылдан бастап Теміртау қаласында тұрады.
“Магнит” әдеби бірлестігінің мүшесі.
Қарағанды облысы жазушылар Одағының, сонымен қатар Халықаралық орыс тілді грек ақындарының әділқазылар одағының мүшесі.
2009 жылы Астана қаласында шыққан “Жемчужина Казахстана” атты ұжымдық жинағының және 2005 жылы жарыққа шыққан “Бессоница” өлеңдер жинағының авторы.
Шығармашылық кеште “Қарақат” студиясы өнерпаздары өнер көрсетті.
Иван Антоновичке қала жазушылары, суретші және қаламыздың белсенділері де өз құттықтауларын білдірді.